Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры матчында Қостанайдың «Тобылын» өз алаңында жеңген «Алтай Өскемен» футбол клубын құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Элгуджа Лобжанидзе соққан жалғыз гол «Алтай Өскеменге» 1:0 есебі бойынша лайықты жеңіс пен чемпионаттағы маңызды үш ұпайды сыйлады.
Облыс әкімі жанкүйерлерге де ерекше алғыс білдіріп, жерлестердің қолдауы маңызды рөл атқаратынын айтты.
- Бүгін стадионда ерекше атмосфера болды. Жанкүйерлердің қолдауы командаға күш-жігер сыйлап, ойыншыларды жаңа жетістіктерге жігерлендіреді, – деді өңір басшысы.
Сөз соңында ол футболшыларға Қазақстан чемпионатында сәтті ойын көрсетіп, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдірді.
Пікірлер