A+ A A-

talgatzhan 22 Бүгін, 13:30 0

ШҚО әкімі өңір тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Бүгін / ШҚО / Руханият

Бүгін Қазақстанда Ұлттық домбыра күні атап өтілуде. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңір тұрғындарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Құрметті шығысқазақстандықтар! Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Домбыра - халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Оның қоңыр үні елдің шежіресін, ерлік рухын, ұлттық болмысын айшықтап, жұртымыздың бірлігі мен тұтастығын нығайтып келеді. Бүгінде ұлттық өнерді дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ата дәстүрге деген құрметті сіңіру - ортақ міндетіміз. Шығыс Қазақстанда да күй өнерін дамытуға, дарынды домбырашыларды қолдауға және ұлттық мәдениетті насихаттауға айрықша көңіл бөлініп келеді. Қасиетті домбыраның күмбірлеген үні әрдайым халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай берсін! - деді өңір басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив