A+ A A-

talgatzhan 21 Бүгін, 13:50 0

ШҚО-да өзен көлігі саласының үздік қызметкерлері марапатталды

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыс орталығында Теңіз және өзен көлігінің қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, сала өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Өзен көлігі саласының қызметкерлері жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды қамтамасыз етіп, туризмнің дамуына серпін беріп, көлік қатынасының қолжетімділігін арттырып, өңір экономикасының өркендеуіне үлес қосып келеді. Сіздердің еңбектеріңіз Шығыс Қазақстанның әлеуметтік және шаруашылық өмірінің маңызды бөлігі болып қала береді, – деді өңір басшысы.

Бүгінде облыста сегіз өзен көлігі жұмыс істейді. Олар Шығыс Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және шаруашылық салаларының дамуына елеулі үлес қосып келеді. 

Сондай-ақ іс-шара барысында үздік қызметкерлер марапатталды. Жалпы өңірдің өзен көлігі саласында 200-ге жуық маман еңбек етеді. Олар аймақтың су жолдарында жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етіп, туризмнің дамуына атсалысып келеді. 

 

Ақпарат және фотосурет: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив