Күршім ауданында 3 шілдеде тұтанған орман өрті 5 шілдеде оқшауланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің жалпы аумағы 1200 гектарды құрады. Оның ішінде 45 гектары мемлекеттік орман қорының жері.
Өртті сөндіруге Экология және табиғи ресурстар министрлігінің күштері, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
Жалпы өртті сөндіру жұмыстарына 394 адам, 44 арнайы техника және Ми-8 маркалы екі тікұшақ қатысты.
Тікұшақтар арқылы 35 рет су төгіліп, жалпы 105 тонна су шашылды.
Ведомствоның мәліметінше, барлық қызметтің үйлесімді жұмысының арқасында өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Пікірлер