A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 11:30 0

ШҚО-да үш адам суға батып кеткен

Бүгін / ШҚО

Өңірде «Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясы аясында құтқарушылар жағажайларда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ең алдымен ересектер жауапты екенін еске салып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғалардың барлығы судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болған.

Алғашқы қайғылы жағдайдан кейін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Жаз басынан бері 1090 рейд өткізіліп, қауіпсіздік талаптарын бұзған 80-нен астам адам анықталған.
Қазіргі уақытта балаларымен демалуға келген отбасыларға ерекше көңіл бөлініп отыр.

«Балаларды судағы қауіптен сақтаңыз!» республикалық акциясы аясында құтқарушылар жағажайларда ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ең алдымен ересектер жауапты екенін еске салып жатыр.

- Басты мақсатымыз – қайғылы оқиғалардың алдын алу. Сол себепті облыстың халық көп шоғырланатын су айдындарында профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіледі, – дейді құтқарушылар. 

ТЖД қызметкерлері азаматтарды тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға, мас күйде суға түспеуге, бейтаныс жерлерде жүзбеуге және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ қайықпен, катермен немесе өзге де жүзу құралдарымен жүрген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив