ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен аптада профилактикалық шаралар аясында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңнан астам дерегі анықталды. Жолда ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін ең қауіпті құқық бұзушылықтарды анықтауға назар аударылады.
Анықталған фактілердің ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзу, рөлде отырып ұялы телефонды пайдалану, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, қарсы бағытқа шығып кету, сондай-ақ масаң күйде көлік құралдарын басқару жағдайлары бар.
Мәселен, бір апта ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаудың 744 фактісі, көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланудың 389 жағдайы және жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 180 дерегі анықталды. Сондай-ақ қарсы бағытқа шығудың 18 және масаң күйде көлік құралдарын басқарудың 16 дерегі анықталды.
Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушілерге айрықша назар аударылады. Апта ішінде осындай 7 факті анықталды: екі азамат жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарса, үшеуі бұрын басқару құқығынан айырылғандар болып шықты, тағы екі жағдайда көлік құралдары тиісті құқығы жоқ адамдарға берілген.
Облыс жолдарындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
ШҚО Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға, мұқият және өзара сыйластық танытуға шақырады.
Пікірлер