A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:05 0

ШҚО-да 1200 гектардан астам аумақты шарпыған өрт сөндірілді

Бүгін / ШҚО

Күршім ауданындағы Абай ауылдық округінде тұтанған табиғи өрт толықтай сөндірілді. Жалынның бір бөлігі Күршім орман шаруашылығы аумағына да тараған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің күштері, орман шаруашылығының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД мәліметінше, өрт ошағына "Қазавиаорманқорғау" десантын жеткізу үшін ТЖМ тікұшақтары мен облыс әкімдігінің авиациясы пайдаланылды. Ал жерүсті техникасы жете алмайтын аумақтарда өртті әуеден ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның су төгетін құрылғымен жабдықталған тікұшағы сөндірді. Авиация 41 мәрте су төгіп, жалпы 123 тонна су шашқан.

Сондай-ақ мамандар желдің бағыты мен өрттің таралуын үздіксіз бақылауда ұстады.

- Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ, - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау орман қорының 45 гектарын және ашық аумақтағы 1155 гектар жерді шарпыған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив