A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:10 0

ШҚО-да биыл абаттандыру қағидалары 5 мыңнан астам рет бұзылған

Бүгін / ШҚО

Өңірде жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 мыңнан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оның ішінде 4332 дерек аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты болса, 832 жағдай ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактісі бойынша тіркелген.

- Өңірде елді мекендердің тазалығын сақтауға, заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуының алдын алуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Облыста жыл басынан бері 120-дан астам заңсыз қоқыс орны анықталып, олардың 87-сі толықтай жойылды. Профилактикалық жұмыстарда бейнебақылау жүйелері де кеңінен қолданылып келеді. Соның көмегімен биыл 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - делінген ақпаратта. 

Оның ішінде 1878 дерек абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 137 жағдай ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға қатысты болып отыр. 

Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға шақырды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив