A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзудың 10 дерегі анықталды

Бүгін / ШҚО

Аймақта құтқарушылар 1 шілдеден бастап су айдындарында шағын кемелерді пайдалану қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Құтқарушылар кеме жүргізушілерінің құжаттарын, жүзу құралдарының техникалық жай-күйін, жолаушылардың құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілуін және жүзу қағидаларының сақталуын тексеруге кірісті.

Сонымен қатар кеме иелері мен демалушылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Шомылу маусымы басталғалы өңір бойынша шағын кемелерді пайдалану талаптарын бұзудың 10 дерегі анықталды. Құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде кемені тіркеу, техникалық куәландырудан өту және құтқару жабдықтарының болуы міндетті. Сондай-ақ кеме жүргізушілері арнайы курстардан өтіп, басқару құқығына куәлік алуы қажет. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив