Биыл 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, елдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 38,5 мыңнан астам адам қамауда отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде 1,5 мыңнан астамы – әйелдер, 75-і – кәмелетке толмағандар.
Өңірлер арасында ең көп сотталғандар Қарағанды облысында тіркелген – шамамен 4,6 мың адам. Алматы мен Ақмола облыстарының әрқайсында 3,7 мыңнан адам жазасын өтеуде.
Шымкент пен Түркістан облыстарында – 3,4 мың, Жамбыл облысында – 2,9 мың, ал Шығыс Қазақстанда 2,8 мың адам түзеу мекемесінде отыр.
Фото: Egemen.kz
Пікірлер