A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:15 0

ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол жөнделіп жатыр

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда.Бұл туралы«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары автожолдың 0-45 шақырым аралығында жүргізіліп жатыр.

– Жоба аясында 9,5 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетоннан тегістеу қабаты, 5 шақырымда майда түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы жабын қабаты төселді, – делінген хабарламада.

Аталған автожол өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі – Рахман қайнарларына және оған жақын орналасқан табиғи нысандарға апаратын маңызды көлік дәлізі саналады.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту туристер үшін қолайлы жағдай жасауға, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив