A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да азаматтарды баспана сатып алу кезінде мұқият болуға шақырады

Бүгін / ШҚО

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының ақпаратынша, пәтер сатып алмас бұрын құрылыс нысанының заңдылығына және құрылыс салушының барлық қажетті рұқсат құжатының болуына міндетті түрде көз жеткізу қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңірде үлескерлердің қаражатын тарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банктің қатысуымен, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігімен және жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде жүзеге асырылады:

Үлестік құрылыс нысанының заңдылығын және үлескерлер қаражатын тартуға берілген құжаттардың бар-жоғын Homeportal.kz ресми порталынан тексеруге болады.

Бүгінде облыста үлескерлер қаражатын тарта отырып, келесі заңды үлестік құрылыс нысандары іске асырылуда:

Екінші деңгейдегі банктің қатысуымен: «Viva Life» ТК, «Asyl Tau» ТК және «Asyltas» ТК;

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ кепілдігімен: «Asylum» ТК, «Золотой квадрат» ТК және «Престиж» ТК (Sparkle Diamond);

Жергілікті атқарушы органның рұқсатымен: «Orda» ТК, «Tumar Towers Oskemen» ТК, «Айналайын» ТК, «Belgravia» ТК, «BS Holding Easton» ТК, «Eco Polis» ТК, «Park Line» ТК және «Renesans» ТК.

- Қаржылық тәуекелдерге жол бермеңіздер. Тұрғын үй сатып алу кезінде құрылыс салушы мен құрылыс нысаны туралы ақпаратты алдын ала мұқият тексеріңіздер, - делінген басқарма мәліметінде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив