A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:15 0

ШҚО-да демалыс күндері жол ережесін бұзудың 1500-ге жуық фактісі анықталды

Бүгін / ШҚО

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1489 дерегі белгілі болды. 

- Ескерту жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер заң талаптарын елемей, өздерінің және айналасындағылардың өміріне қауіп төндіруді жалғастыруда. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша көлік құралын масаң күйде басқарудың 12 фактісі анықталды. Сонымен қатар бұрын көлік басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде қайта рөлге отырған 1 фактісі тіркелді. Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу және өрескел заң бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 22 көлік арнайы айып тұрағына қойылды, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив