"Қазгидромет" РМК 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Одан кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды.
Сондай-ақ күндіз ауа температурасы қатты және өте қатты ыстық болуы ықтимал. Шығыста сынап бағанасы +30…+38°С-қа дейін көтеріледі.
Пікірлер