A+ A A-

talgatzhan 48 Бүгін, 11:05 0

ШҚО әкімі «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен салынған үйлердің сапасын тексерді

Бүгін / Басты / ШҚО

Кеше аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданына жұмыс сапарымен барған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кожохова ауылының тұрғындары осыған дейін әкімнің қабылдауында болып, үйлердің сапасына қатысты шағымдарын жеткізген еді. Айтуларынша, тұрып жатқан баспаналарының шатырынан су ағып, қабырғалары көгеріп кеткен. Облыс әкімі аталған мәселе бойынша арнайы барып, жағдаймен танысып, мердігер компания мен аудан әкіміне тапсырмалар берді.

– Тұрғындар айтқан кемшіліктердің әрқайсысы ретке келтірілуі тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырмасымен әлеуметтік осал топтағы отбасыларға берілген үйлердің сапасы да дұрыс болуы қажет. Сондықтан жағдайды бақылауға алып, мәселені шешіңіздер, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Екі пәтерлі төрт тұрғын үй баспана кезегінде тұрған азаматтарға 2024 жылы берілген. Үйлердің құрылысын «Vostok Corporation» ЖШС жүргізді. Тұрғындар шағымынан соң кепілдік міндеттемелер аясында мердігер ұйым мен ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мамандары үйлерге қайта тексеру жүргізіп, соның қорытындысында анықталған кемшіліктерді жоюға қажетті жұмыстар тізбесін белгіледі.

– Тұрғындармен үнемі байланыстамыз. Хабарласқан сайын келіп, анықталған ақауларды жөндеудеміз. Екі жылдық кепілдік мерзімі аяқталса да, міндеттемелерді толық орындаймыз. Кепілдікке қабырғалардағы жарықтар, шатыр және сантехникалық жүйелер кіреді. Биыл су өткен үйлердің шатырын толық ашып, қайта жылыладық. Сонымен қатар бүлінген линолеумді де жаңасына ауыстырамыз, – деді «Vostok Corporation» ЖШС өкілі Ербол Ахмадиев.

Сонымен қатар тексеру барысында анықталған өзге де кемшіліктер, оның ішінде терезе мен есік конструкцияларының герметикалығына қатысты олқылықтар ретке келтірілді. Мердігер бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив