«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында облыс прокуратурасы «Дарын» балаларды сауықтыру лагерінде «Қауіпсіз демалыс» атты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның басты мақсаты — жазғы демалыс кезінде балалар бойында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру. Кездесуге лагерь демалушылары, мемлекеттік орган өкілдері мен балалар қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты.
Іс-шара барысында балаларға судағы, ашық терезе маңындағы қауіпсіздік, отпен және электр құралдарымен жұмыс істеу ережелері, тұрмыстағы және көшедегі сақтық шаралары қарапайым әрі ұғынықты тілде жеткізілді. Мұнымен қоса, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол ережесін сақтау және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер алгоритміне ерекше екпін қойылды. Бұл жеткіншектердің құқықтық сауаттылығын арттырып, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды дағдыландырады.
Пікірлер