A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 14:55 0

ШҚО-ға Димаш Құдайберген келді

Бүгін / ШҚО / Басты

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өнер иесін әуежайдан облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қарсы алды.
Ертең Димаш Құдайберген Катонқарағай ауданында өтіп жатқан «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалінің гала-концертінде басты хедлайнер ретінде өнер көрсетеді.
Оның концерті фестивальдің ең айтулы музыкалық оқиғасына айналады деп күтілуде. Сонымен қатар сахнаға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Мажарстан, Башқұртстан және Тыва Республикасынан келген өнерпаздар шығады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив