A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:25 0

ШҚО-да Ана мен бала орталығы ғимараты қайта жаңғыртылып жатыр

Бүгін / ШҚО

Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі Ана мен бала орталығына барды. Қазіргі уақытта бұл медициналық мекеме стационарының ғимаратын перзентханаға бейімдеп қайта жаңғырту, қайта жоспарлау және қайта жарақтандыру жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бас мердігер - «DK Build» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, бүгінде дайындық деңгейі 90 пайызды құрайды. Толық қаржыландырылған жағдайда жобаны алдағы айларда аяқтау жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта нысанда әрлеу жұмыстары мәресіне жетуге таяу. Сол жерде 30-дан астам адам жұмыс істеп жатыр. Орталық біртіндеп еуропалық медициналық жабдықтармен жабдықталып келеді.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында өңірде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Қала-аудандардағы медициналық мекемелер жөнделіп, қайта жаңғыртылып жатыр. Соның ішінде Ана мен бала орталығы ғимараты да заманға сай жаңартылуда. Бұл сырқатына шипа іздеп келген азаматтардың жайлы жерде емделуіне жағдай жасайды, - деді аймақ басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив