A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:55 0

ШҚО-да шегірткенің жаппай таралуына тосқауыл қою үшін 18 мың гектар жер өңделді

Бүгін / ШҚО

Өңірде ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды. Бір ай ішінде мамандар 18 мың гектар жерді өңдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ШҚО аумақтық инспекциясының мәліметінше, химиялық өңдеу жұмыстары зиянкестердің саны экономикалық зияндылық шегінен асқан облыстың алты ауданында жүргізілді.

— Жоспарланған барлық іс-шара толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Өңдеу жұмыстарының нәтижесінде қолданылған препараттардың биологиялық тиімділігі 95 пайызға жетіп, шегірткенің жаппай таралуын тиімді тежеуге мүмкіндік берді, — делінген ақпаратта.

Зиянкестерге қарсы күресте арнайы техниканың бірнеше түрі қолданылды. Егіс алқаптарының бір бөлігі жерүсті желдеткіш бүріккіштермен өңделсе, жетуі қиын аумақтарда аса жеңіл авиация, агродрондар және аэрозольді генераторлар пайдаланылды.

Инспекцияның хабарлауынша, келісімшартта көзделген барлық арнайы техника уақтылы жұмылдырылды. Соның нәтижесінде өңдеу жұмыстары белгіленген мерзімде толық аяқталып, ауыл шаруашылығы алқаптары зиянкестердің жаппай таралуынан қорғалды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив