A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 14:20 0

Алтай ауданында алаяқтық фактісі анықталды

Бүгін / ШҚО

Қалалық полицияның кезекші бөліміне алаяқтық схемасының құрбаны болған жергілікті тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Hi-Tech» жедел-профилактикалық шарасы барысында полицейлер қылмысқа жәбірленушінің сенімін пайдаланған танысының қатысы бар екенін анықтаған.

- Белгілі болғандай, танысы жәбірленушінің ұялы телефонын уақытша пайдалану сылтауымен алып, банк қосымшасына кіріп, иесінің атына тауарлық несие рәсімдеген. Қарызға алынған қаражатқа ол құны 400 000 теңгеге жуық ойын консолін сатып алып, жеткізу мекенжайын өзі тұратын жерге көрсеткен. Заңсыз рәсімделген несие туралы жәбірленуші банктегі берешек туралы хабарламадан кейін ғана біліп, полицияға жүгінді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында.

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және үшінші тұлғалардың өтініші бойынша өз атына несие рәсімдемеуге шақырады. Мұндай әрекеттер елеулі қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив