A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамаған 170-тен астам адам жауапқа тартылды

Бүгін / ШҚО

Өңірде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталуда. Өрт қауіпті маусым басталғалы 29 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазір табиғи өрттердің алдын алу мақсатында 48 мобильді топ жұмыс істеуде. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері полиция қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен 620-ға жуық профилактикалық рейд өткізді.

Мобильді топтар аумақтарды патрульдеп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылап, құрғақ өсімдіктерді заңсыз өртеу деректерін анықтауда. Нәтижесінде 174 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Орман алқаптарына баруды шектеу ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив