A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 15:20 0

ШҚО-да «Жаңа жол» акциясы басталды

Бүгін / ШҚО

13–30 шілде аралығында өңірде «Жаңа жол» профилактикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның мақсаты — қайталама қылмыстардың деңгейін төмендету ғана емес, сонымен қатар полицияның профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету.

Қайталама қылмыстардың алдын алу — бұл тек құқық қорғау органдарының емес, әлеуметтік қызметтердің де бірлескен кешенді жұмысын талап етеді. 

Акция аясында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның міндеті — бұрын қателескен азаматтардың қайтадан құқық бұзушылыққа баруына себеп болатын факторларды жоюға көмектесу.

Мамандар келесі бағыттар бойынша нақты көмек көрсетеді:

Құжаттандыру: жеке куәлік алуға және тұрғылықты жері бойынша тіркелуге жәрдемдесу;

Жұмыспен қамту: халықты жұмыспен қамту органдарына есепке қою, жұмысқа орналастыру және кәсіби оқыту;.

Әлеуметтік мәселелер: әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мен субсидиялар алу бойынша кеңес беру; 

Денсаулық және тұрмыстық жағдай: медициналық көмек көрсету және баспана мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

Психологиялық қолдау: отбасылық байланыстарды қалпына келтіруге бағыт-бағдар беру, қажет болған жағдайда психологтардың көмегіне жүгіну және дағдарыс орталықтарына жолдама беру.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив