A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:05 0

Тереңсайдағы көпір құрылысы: жұмысты аяқтау үшін тағы 9 млрд теңге қажет

Бүгін / ШҚО

«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» республикаық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту биыл сәуір айында жалғасын тапқан болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми атауы Осинов асуы болғанымен, жұрт арасында Тереңсай деп аталады. «ОблШығысЖол» ЖШС директорының орынбасары Нұрбек Тұраровтың сөзінше, жоба кезінде Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысы инженерлік жағынан біршама қиын жұмысқа айналған. Дегенмен жыл біткенше жұмыс аяқталады деп отыр. 56-72 және 72-88 шақырым учаскелеріндегі қайта жаңғыртуға 9,9 млрд теңге қажет. Әзірге 900 млн теңге бөлініп, игерілген көрінеді. Көпір құрылысы бойынша жұмыстың 65 пайызы аяқталды. Келісімшартқа сәйкес, тағы 9 млрд теңге қажет.
– Көпір 8 тіректен және 7 аралықтан тұрады. Оның жалпы ұзындығы – 175 метр, ал ең биік тірегі 45 метрге дейін жетеді. Қазір құрылыс алаңында 130-ға жуық қызметкер және 40-қа жуық арнайы техника жұмылдырылған, – деді директордың орынбасары.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив