A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 09:00 0

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр

Бүгін / ШҚО

Өңірде жол тәртібін қамтамасыз етуге және жол апатын алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін өрескел заң бұзушылықтардың жолын кесуге назар аударуда.
— Екі күн ішінде полиция қызметкерлері бірқатар елеулі құқық бұзушылықты анықтады. 8 жүргізушінің масаң күйде көлік тізгіндеуі ерекше алаңдаушылық тудырады. Сонымен қатар көлік құралын жүргізу құқығы жоқ 10 адамның көлік басқаруы және бұрын жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруының 1 дерегі анықталды. Сондай-ақ қарсы бағытқа шығып кетуге байланысты 5 қауіпті маневр тіркелді. Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігі көліктердің техникалық жай-күйіне қатысты. Инспекторлар техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін көліктерді пайдаланудың 45 фактісін, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көліктерді басқарудың 27 жағдайын және көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 9 фактісінің жолын кесті, - делінген ШҚО Полиция департаментінің мәліметінде. 
Бұдан бөлек, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көліктерді басқарудың 14 фактісі тіркелді. Қабылданған шаралар барысында 12 көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, ал 16 көліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Полиция департаменті алдын алу шараларының 16 шілдеге дейін жалғасатынын еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив