A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 13:15 0

ШҚО-дағы жазғы демалысқа арналған ең үздік 8 туристік бағыт

Бүгін / Басты / ШҚО / Пайдалы

Туризм және спорт министрлігі жазғы демалысты Шығыс Қазақстан облысында өткізуді жоспарлаған отандық және шетелдік туристерге арналған ең тартымды сегіз бағытты ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, өңірдегі ең танымал туристік орындар табиғи сұлулығымен, ерекше ландшафтымен және экологиялық туризмге қолайлы мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

 

Марқакөл көлі және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

Теңіз деңгейінен биік орналасқан мөлдір көл Оңтүстік Алтайдың көркем табиғатымен танымал. Туристер мұнда бақылау алаңдарын аралап, өңірдің бай флорасы мен фаунасын және жергілікті халықтың дәстүрлі тұрмысын тамашалай алады.

 

Язевое көлі

Қатонқарағай ауданындағы бұл биік таулы көлден Белуха шыңы айқын көрінеді. Өңір альпілік шалғындарымен, таулы табиғатымен және қол тимеген Алтай көріністерімен ерекшеленеді.

 

Сібе көлдері

Ұлан ауданындағы бес көлден тұратын табиғи кешен мөлдір суымен және гранитті жартастарымен танымал. Мұнда Абылайкит монастырын және ерекше табиғи панорамаларды көруге болады.

 

Бұқтырма су қоймасы

Қазақстандағы ең ірі су қоймаларының бірі саналатын бұл аймақта демалыс базалары, құмды жағажайлар мен көркем шығанақтар орналасқан.

 

Риддер қаласы және Батыс Алтай қорығы

Таулы аймақ салқын климаты, қалың тайгасы және туристік бағыттарының көптігімен ерекшеленеді. Мұнда тау көлдері, альпілік шалғындар және Алтайдың бай табиғатын тамашалауға мүмкіндік бар.

 

Киін-Керіш шатқалы

«Жанып тұрған жартастар» атауымен белгілі табиғи ескерткіш түрлі түсті сазды шатқалдарымен әйгілі. Миллиондаған жылдар бойы жел мен су эрозиясы қалыптастырған ерекше ландшафт туристерді қызықтырады.

 

Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар желісіне енген ұлттық парк биоалуантүрлілігімен танымал. Мұнда Белуха тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнары және Алтайдың көркем аңғарлары орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив