A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 15:05 0

Ұлан ауданының 41 жастағы тұрғыны есірткі өсірген

Бүгін / Ұлан / Қылмыс

«Қарасора-2026» және «Канал – Янтарный берег» жедел алдын алу шаралары барысында Таврическое ауылындағы жеке үйлердің бірінен «үй плантациясы» табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

41 жастағы ауыл тұрғыны интернет арқылы сора тұқымдарына тапсырыс беріп, оны өсіруді кәсіп еткен. Ер адам есірткі өсімдіктерін баптау үшін ескі кір жуғыш машинаны бейімдеп, оны қолдан жасалған «жылыжайға» айналдырған.

Тінту барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп сора мен есірткі тұтынуға арналған құрылғыны тәркіледі. Сонымен қатар кептірілген есірткі затының қомақты мөлшері табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген үлгілер – сора (каннабис) болып шықты. Оның жасыл түрінің салмағы 50,94 грамды, ал дайын кептірілген марихуананың салмағы 16 келіні құрады.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив