A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:30 0

ШҚО әкімі: Құрылтай сайлауында шығысқазақстандықтар дәстүрлі түрде жоғары азаматтық белсенділік танытады деп сенемін

Бүгін / ШҚО

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтті. Оған өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов, мәслихат төрағасы Денис Рыпаков, депутаттар, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімі өз сөзінде жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің саяси жаңғыруының жаңа кезеңін бастағанын жеткізді. 

- Ата Заң халық билігі, әділеттілік, ашықтық және мемлекеттік институттардың есептілігі қағидаттарын орнықтырып, азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Осыған байланысты алдағы электоралдық науқанның маңызы ерекше. Бұл – конституциялық реформаларды іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды кезеңі. Біздің басты міндетіміз – сайлау үдерісінің заңдылығын, ашықтығын, жариялылығын және барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Алдағы Құрылтай сайлауында шығысқазақстандықтар дәстүрлі түрде жоғары азаматтық белсенділік танытады деп сенемін, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив