Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті отырысында өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданында өткен фестиваль туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ басшысы халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің жоғары деңгейде өткізілгенін, бұл шараның тек Шығыс Қазақстан үшін ғана емес, ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайта құрылған Катонқарағай ауданы үшін тарихи маңызы зор оқиға болғанын атап өтті.
- Фестиваль Катонқарағай ауданының халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттырып, мыңдаған туристер мен қонақтарды тартты. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің, қызмет көрсету, сауда салаларының дамуына тың серпін берді. Бұл бір реттік мәдени шара болып қалмай, Катонқарағайдың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялар тартуға және жаңа ауқымды жобаларды жүзеге асыруға негіз болатын маңызды бастамаға айналады деген сенімдемін, - деді облыс әкімі.
Пікірлер