A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да бірнеше салада бәсекелестікке қатысты заң талаптары бұзылған

Бүгін / ШҚО

Өңірде жыл басынан бері бәсекелестікке қатысты заң талаптарын бұзу бойынша 6 факті тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ШҚО бойынша департаментінің басшысы Аслан Әліппаевтың мәліметінше, олар денсаулық сақтау, сұйытылған мұнай газын бөлу, лифттерге техникалық қызмет көрсету, қанттың көтерме саудасы және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелері салаларына қатысты.

Бес фактіге қатысты іс толық аяқталса, біреуі әлі орындалу сатысында.

— Бұдан бөлек, департамент квазимемлекеттік сектордың 28 нысанына мониторинг жүргізіп, жеке бизнестің дамуына кедергі келтіру фактісін анықтаған. Бұл жұмыстың мақсаты — нарықтағы ашық бәсекелестікті қамтамасыз етіп, кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндік қалыптастыру, — деді ол.




Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив