Қазақстанда 16-18 шілде аралығында ауа райы күрт өзгеріп, бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, енді бір аймақтарда ауа температурасы +46 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК жариялаған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдай өзгереді.
- Солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 16-17 шілдеде кейбір өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, – делінген "Қазгидромет" ақпаратында.
Метеорологтардың болжамынша, республиканың орталығы мен шығысында +41 градусқа дейінгі қатты ыстық сақталады.
Пікірлер