Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәліментінше, салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты облыстық бюджет кірісі айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдын ала болжамға сәйкес облыстық бюджеттің меншіктік кірісі 38,5 миллиард теңгеге жетеді деп күтілген. Алайда ірі кәсіпкерлік субъектілер үшін корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібінің өзгеруі, жеке табыс салығы шегерімдерінің ұлғаюы мен әлеуметтік салықты есептеудің жаңартылуы кірістің төмендеуіне әсер еткен. Аталған салық түрлері облыстың жеке кірісінің 85%-ын құрайды.
Осыған байланысты енді Шығыс Қазақстан облысы 12 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мәжбүр. Облыс, қала және аудан бюджеттеріндегі бірқатар шығынды қысқарту туралы ұсынысты облыстық мәслихат депутаттары біраздан қолдады.
Пікірлер