A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:40 0

Өскеменде 4 балабақша салынуы мүмкін

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық мәслихат сессиясында басқарма басшысы өңірдегі білім беру қызметтерін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 

- Аймақтағы 380-ге жуық мектепке дейінгі мекемеге 33 100 бала барады. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 99,3% құрайды. Толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа орындар ашу бойынша өңірлік жоспар іске асырылуда. 2025 жылы 4 жаңа жекеменшік балабақша ашылып, 9 жұмыс істеп тұрған балабақша кеңейтіліп, 1 499 жаңа орын құрылды, - деді Қуат Оқасов. 

Айта кетейік, 2026 жылы жаңа және жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі мекемелерді ашу және кеңейту есебінен қосымша 1 303 орын ашу көзделген. Сонымен қатар 2027-2028 жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Өскемен қаласында жалпы сыйымдылығы 1 040 орындық 4 балабақша салу мәселесі қарастырылуда. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив