453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Ұландық Ардақ Нұрмағамбетов пара үстел теннисінен Таиландта жүлде алды

Ұландық Ардақ Нұрмағамбетов пара үстел теннисінен Таиландта жүлде алды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Таиландтың Накхонратчасима қаласында өткен ITTF World Para Future Nakhon Ratchasima 2026 халықаралық пара үстел теннисі турнирінде жерлесіміз қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұландық спортшы турнирдің топтық кезеңінде үш кездесу өткізді. Алғашқы ойында жапониялық қарсыласын 3:0 есебімен айқын жеңсе, екінші кездесуде Финляндия спортшысына 1:3 есебімен есе жіберді. Шешуші матчта Үндістан өкілін 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Ол жерде Ардақ Нұрмағамбетов Қытай спортшысымен тартысты кездесу өткізді. Матч 1:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Осылайша, жерлесіміз халықаралық турнирдің қола жүлдесін жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.

Фото: shqo_sport_basqarmasy 

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив