Бүгін Ұлан ауданының Таврия ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Акцияға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 50 сарбазы қатысып, көл жағалауы мен оған іргелес аумақтарды қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 1 гектар аумақ тазартылып, 300 қап қоқыс жиналды. Іс-шара барысында 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
– Табиғатты қорғау мен туған өлкенің тазалығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай экологиялық шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, жастардың табиғатқа жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Ұлан ауданының барлық ауылдық округтерінде тұрақты түрде жалғасуда.
Пікірлер