A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:25 0

Марқакөл ауданында тұрғындардың дәл жанына келген аю қайда кетті?

Бүгін / Марқакол

Кеше алдымен тұрғындардың бірі Марқакөл ауданына қарасты Ақжайлау ауылы маңында маймақ көргені туралы бейнежазбамен бөліскен болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ол ғана емес, аздан соң аюдың мотоцикл мінген адамдардың дәл жанына келіп, қандай да бір ашу білдірмегені туралы тағы бірнеше видео тарады. Көпшілік арасында «ауру аю ма?» деген сауал туындады. Аудан әкімідігі ақпаратынша, жануар Ақжайлау мен Ұрынхайка ауылы аралығындағы бағытындағы жолда көзге іліккен.
– Алдын ала ақпаратқа сәйкес, аю таулы аймаққа бет алды. Полиция қызметкерлері аталған бағытпен қатынайтын тұрғындар арасында түсіндіру жүргізіп жатыр. Жағдай құзыретті органдар бақылауында. Тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырамыз. Балаларды жалғыз қалдырмау керек. Кешке және таңертең орманға жалғыз бармаңыздар, – делінген ақпаратта. 

Фото: marqakol_audany

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив