A+ A A-

talgatzhan 43 20-07-2026, 12:45 0

ШҚО-да аптап ыстық басылады

Бүгін / Басты / ШҚО

Қазгидромет 21–23 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Жауын-шашынның әсерінен аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы:

еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында +20…+30°C;
орталығы мен шығысында +22…+35°C;
оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +27…+35°C болады.

Тек елдің батысында Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен жоғары температура сақталып, ауа температурасы +30…+42°C-қа дейін көтеріледі.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив