A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:10 0

Тарбағатайда 15 гектар аумаққа зауыт салынады

Бүгін / Тарбағатай

Бұл туралы аудан әкімі Дархан Жөргекбаев инвесторлармен өткен кездесуден соң мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аудан әкімі «Маңырақ+» компаниясы басшысымен кездесіп, өңірде бентонит ұнтағын өндіретін зауыт салу жобасын талқылады. Кездесу барысында инвестор кәсіпорын құрылысы жоспарын таныстырып, жобаны жүзеге асыру бойынша ақпарат берді.
Қазір зауыт салу үшін инвесторға 15 гектар жер телімі белгіленген. Компания өндіріс орнын өз қаражаты есебінен салып, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
– Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Алғашқы жылы кәсіпорында 20 адам жұмыспен қамтылса, келесі жылы жұмысшылар саны 40-қа жетеді. Ал зауыт толық қуатына шыққан кезде тұрақты жұмыс орындар саны 60-қа дейін артады, –деді Дархан Шомпайұлы.
Аудан әкімдігі мәліметінше, жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңірге инвестиция тартуға, өнеркәсіп саласын дамытуға және жергілікті жұртты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив