Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірге жұмыс сапарымен келген Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцюмен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу барысында өңір әкімі Қытайдың Шығыс Қазақстан үшін негізгі стратегиялық серіктестердің бірі екенін атап өтті.
– ШҚО Қытайды негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастырады. Өңірде өндірілетін өнімдер Қытай нарығына экспортталады. Сондай-ақ туризм саласында да бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі Қытай мен Ресей арасындағы кеме қатынасын дамытуға басымдық берілу керектігін айтты. Нұрымбет Аманұлының сөзінше, соңғы уақытта осы тақырып жиі талқыланып, маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылып келеді.
Бұдан бөлек, тараптар әуе қатынасын ашу, Майқапшағай ауданындағы көпірді жаңғырту және жаңасын салу бағытындағы келешегі зор жобаларды да талқылады.
Пікірлер