Бөлінген қаржыны іске жаратпау жағдайлары басқа аудандарда да тіркеліп отыр. Бірақ Самар ауданында игерілмеген сома өзгесінен көбірек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакованың сөзінше, қалып қойған 441,2 млн. теңге – жалпы облыс бойынша игерілмеген бюджет. Самар ауданындағы 120 млн теңге Самар ауылындағы 150 орындық мектепті сатып алу бойынша құжаттамаға сәйкестендіру кезінде іске жаратылмапты. Одан бөлек, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы орындалған жұмыстар актілерінің болмауынан 67,2 млн теңгені кәдеге жаратпады. Одан бөлек:
1) 63,4 млн. теңге – 300 төсектік көпбейінді аурухана салу және пайдалану бойынша,
2) 3,8 млн теңге – Өскеменде 400 орындық тергеу изоляторын салу бойынша;
3) 60,0 млн. теңге – Катонқарағай ауданындағы Белая өзені арқылы Қаракөл көліндегі көпірді қайта жаңарту бойынша, орындалған жұмыстар актілерінің болмауынан;
- 56,6 млн. теңге – қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бойынша, оның ішінде: 35,7 млн. теңге – мемлекеттік сатып алудың аяқталмаған рәсімдеріне байланысты (компьютерлік техниканы сатып алу бойынша), 20,9 млн. теңге – тауардың жеткізілмеуіне байланысты (жиһаз, нысанды киім-кешек, ЖЖМ, кеңсе тауарлары және т. б.);
– 54,1 млн. теңге – әкім аппараты бойынша, оның ішінде: 32,8 млн. теңге -облыстық сайлау комиссиясы бойынша баспа өнімдерін жеткізудің кешігуіне байланысты игерілмепті.
Пікірлер