Биыл Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 17 440 жұмыс орнын (оның ішінде 13 046 тұрақты және 4 394 уақытша) құру жоспарланған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинов 3 шілдеге арналған мәліметпен бөлісті. Соған сенсек, 7 018 жұмыс орны (4 694 тұрақты және 2 324 уақытша) құрылған. Пайызбен алсақ, жоспардың 40%-ы орындалды. Оның ішінде салалар бойынша:
– Мемлекет басшысының «10 мың еңбекке қабілетті халыққа 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 4 142 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, 1 972 жұмыс орны құрылды, – деді Альмира Әскерханқызы.
Бұдан бөлек, кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарына 8 301 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған, іс жүзінде 2 707 жұмыс орны құрылды. Жоспарға сәйкес субсидияланатын жұмыс орындарына 3 205 уақытша жұмыс орнын құру жоспарланған, іс жүзінде 2 211 жұмыс орны құрылыпты.
Ал 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі гранттар бойынша 300 жұмыс орнын ашу жоспарланғанымен, меже әзірге орындалмады. Себебі өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.
Фото: Baq.kz
Пікірлер