A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 15:05 0

Тарбағатай ауданында тіркелмеген қару тәркіленді

Бүгін / Тарбағатай

«Қару» жедел алдын алу шарасы барысында Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері атыс қаруын заңсыз сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тұғыл ауылының тұрғынын тексеру барысында полицейлер оның тұрғылықты жерінен тіркелмеген 12 калибрлі «ИЖ-43» маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын анықтап, тәркіледі.

Аталған қарудың ер адамға қайтыс болған ағасынан мұра ретінде қалғаны белгілі болды. Алайда ол заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмей, талаптарды бұза отырып сақталған. Тәркіленген қару сақтауға өткізіліп, қазір қажетті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті азаматтық қару иелері заңнама талаптарына сәйкес оны тіркеу және сақтау ережелерін қатаң сақтауға міндетті екенін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив