Қаржы басқармасының басшысы Светлана Большакованың сөзінше, мұндай сомма кенді қаладағы қазандық агрегаттарын жөндеуге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, биылғы бірінші жартыжылдықта облыстық бюджетке 5,1 млрд. теңге немесе жылдық жоспардың 26,7% түсті. Оның ішінде бюджеттік кредиттерден барлығы 10,0 млрд. теңгеден 900,0 млн.теңге түсті.
– Үкімет резерві есебінен биыл Риддер ЖЭО жылу желілері мен қазандық агрегаттарын күрделі жөндеуге 1,8 млрд. теңге бөлу көзделген. 1 жартыжылдықта 914,1 млн.теңге бөлініп, игерілді, – деді Светлана Большакова.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер