A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 19:40 0

Ұлан ауданында сумен жабдықтау нысандары салынды

Бүгін / Ұлан

Отрадное, Бозанбай ауылдары мен Асубұлақ кентінде сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау бойынша үш әлеуметтік маңызды жобаны іске асыру аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобалар Бас прокуратура қайтарған активтерден бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылды.

Нәтижесінде халықтың сапалы ауызсуға қолжетімділігі қамтамасыз етілді, елдімекендерді сумен жабдықтаудың көпжылдық мәселелері шешілді және ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасалды.

Аталған жобаларды іске асырудың арқасында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен мыңға жуық үй иелігінде тұратын 3 мыңнан астам тұрғын мен 20 әлеуметтік нысан сапалы ауызсуға қол жеткізді.

Осы жобалардың жүзеге асырылуы мемлекетке қайтарылған активтердің халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруға тиімді пайдаланылып жатқанын көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив