A+ A A-

talgatzhan 23 Бүгін, 13:20 0

ШҚО әкімі Омбыда маңызды жұмыс кездесулерін өткізді

Бүгін / Басты / ШҚО

️24-25 шілде күндері Омбыда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форумға өңір басшысы бастаған ШҚО делегациясы қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Ресей өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі - Самара облысымен туризм және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту. Самара облысы Үкіметі төрағасының орынбасары Павел Финкпен өткен кездесуде тараптар туризм, білім беру және цифрлық шешімдер салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Павел Финк Самара облысында қонақжайлылық индустриясына мамандар даярлау тәжірибесі туралы айтып берді. Өңірде мамандандырылған факультет жұмыс істейді. Онда қонақжайлылық пен туризм индустриясына қатысты экономика мен басқарудан бастап құқықтануға дейінгі бағыттар бойынша мамандар даярланады.

Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар тәжірибе алмасу және туристік маршруттарды дамытуға, қызмет сапасын арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар Самара облысының өкілі өнеркәсіп кәсіпорындарымен өзара іс-қимылдың жаңа үлгілерін құру тәжірибесімен бөлісті. Оның ішінде автокөлік өндірісі саласындағы ынтымақтастық қарастырылды. Сондай-ақ тараптар цифрландыру мәселесін қозғап, ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында құжаттарды цифрландыру бойынша шешімдерді тегін енгізу мүмкіндіктерін айтты.

Бұдан бөлек, Орынбор облысы губернаторының орынбасары Антон Ефимовпен жеке кездесу өтті. Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысы мен Орынбор облысының Үкіметі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат тату көршілік байланыстарды нығайтуға, экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Достық пен серіктестіктің белгісі ретінде тараптар екі өңірдің мәдениеті мен дәстүрін танытатын естелік сыйлықтармен алмасты.

Сондай-ақ форум аясында ШҚО әкімі Омбы облысының көлік министрімен қысқаша жұмыс кездесуін өткізді. Жедел келіссөз барысында өңірлер арасындағы көлік қатынасын дамыту перспективалары талқыланды.

Нұрымбет Сақтағанов өзен көлігінің көрме экспозициясын аралау барысында ұсынылған жобалармен танысып, Омбы өзен портының өкілдерімен Шығыс Қазақстанда кеме қатынасын дамыту және Шығыс Қазақстан облысы мен Ресейдің шекаралас аумақтары арасындағы көлік байланысын кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Форумда су айдындарының мүмкіндіктері, инфрақұрылымдық жобалар және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудың бағыты ретінде өзен көлігін пайдалану перспективалары таныстырылды.

Шығыс Қазақстанның форумға қатысуы туризм мен білім беруден бастап өнеркәсіп пен көлікке дейінгі бағыттар бойынша нақты жобаларды талқылап, Ресей өңірлерімен өзара ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін айқындауға мүмкіндік берді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив