A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 12:20 0

Риддердегі мектеп құрылысы аяқталуға жақын

Бүгін / Басты / Риддер

Риддер қаласында 600 оқушыға арналған жаңа жалпы білім беретін мектептің құрылысы қарқынды жалғасуда. Бұл – шаһардың білім беру инфрақұрылымын нығайтып, балалардың заман талабына сай, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беретін ең ірі әлеуметтік нысандардың бірі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жобаның жалпы құны - 5 млрд 48,8 млн теңге. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қаңтар айында басталды. Нысанды 2026 жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазір мектептің құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бүгінде нысанда ішкі әрлеу жұмыстары, желдету инженерлік жүйелерін монтаждау және ғимараттың қасбетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар келесі кезеңге дайындық жұмыстары қатар атқарылып жатыр. Одан кейін оқу және технологиялық жабдықтарды орнату басталады.

Құрылыс алаңында күн сайын 57 маман жұмыс істеп, 3 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған. Бас мердігер ұйым мектепті толық жарақтандыруға қажетті жабдықтар мен арнайы техникаларды жеткізуді де үйлестіруде.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай сапалы әрі қауіпсіз білім беру кеңістігіне айналады. Жоба аясында кең оқу кабинеттері, мамандандырылған сыныптар, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, педагогтер мен оқушыларға арналған қолайлы жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар ғимараттың қолжетімділігіне, энергия тиімділігіне және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Бұл жобаның жүзеге асырылуы Риддер қаласы үшін маңызды. Мектеп пайдалануға берілгеннен кейін оқушылар заманауи әрі жайлы жағдайда білім алады, ал қолданыстағы білім беру ұйымдарына түсетін жүктеме азаяды. Бұл білім беру сапасын арттырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Нысан құрылысы тұрақты бақылауда. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгеннен кейін жаңа білім ордасы келесі оқу жылында алғашқы оқушыларын қабылдайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив