Ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет алтын жүлде иеленіп отыр. Финалда Украина семсершілерін 45:40 есебімен жеңді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлттық құрама сапында екі жерлесіміз жарыс жолына шықты: Руслан Құрбанов пен Вадим Шарлаимов. Одан бөлек, Ерлік Сертай және Кирилл Проходов шешуші сында барын салды.
Оған дейін семсершілер Финляндия (45:39), Өзбекстан (28:27), Дания (45:36) және Мысыр (41:32) спортшыларын қапыда қалдырды.
Ал финалда Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Пікірлер