453.64 508.17 5.59
A+ A A-

Танымал тарбағатайлық спортшы «Қазақстан барысына» қатыспайды

Танымал тарбағатайлық спортшы «Қазақстан барысына» қатыспайды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

Алдағы Азия ойындарына қатысуына байланысты жерлесіміз Ерасыл Қажыбаев ауқымды жарыстан шет қалатын болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған мәлімет спортшының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
– Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан барысы – 2026» турнирінде бақ сынамайды. Себебі, спортшы дзюдодан Азия ойындарына қатысады және жарақат алу қаупін болдырмау мақсатында турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, республикадық дода қазан не қараша айында Семейде ұйымдастырылады. Бұл туралы көктемде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлімдеген болатын. Ал тарбағатайлық спортшы бақ сынайтын 20-шы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді.

Фото: International Judo Federation

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив