«BEREL» ерлер командасы кеше маусым алдындағы алғашқы жиналысын өткізіп, жаңа маусымға арналған жоспарын бекітті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейін Жоғары лигада сәтті өнер көрсеткен өскемендік ұжым енді алдына жаңа меже қойып отыр. Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл Өскемен намысын қорғайтын команда Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасында өнер көрсетеді. Одан бөлек, жиын барысында командаға жаңа бас бапкер таныстырылды. Волейболшыларды алдағы маусымда тәжірибелі маман Рафаиль Гилязутдинов жаттықтыратыны белгілі болды.
Гилязутдинов Рафаиль Сиразутдинович
Туған күні: 23 тамыз 1964 жыл.
КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Айта кетейік, білікті бапкер бұған дейін «BEREL» клубының қосалқы құрамында жұмыс істеп, жас ойыншыларды даярлау бағытында нәтижелі еңбек атқарды.
– Оның жетекшілігімен команданың Жоғары лигада (U21) өнер көрсететін ойыншылары тәжірибе жинақтап, кәсіби деңгейде дамуына мүмкіндік алды, – делінген аталған волейбол клубының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Кездесу барысында команда құрамына жаңа ойыншыларды тарту және Ұлттық лигадағы бәсекеге қабілетті ұжым қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
Фото: vcberel
Пікірлер