A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да сөйлейтін дрондар көмегімен су қоймаларындағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі су айдындары маңындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері заманауи сөйлейтін дрондарды пайдаланып жүр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Дрондар жағажайлар мен жаппай демалыс орындарын әуеден бақылап, демалушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді. Тәртіп сақшылары аппарат арқылы азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзбауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, масаң күйде суға түспеуге және жеке заттарына мұқият болуға шақырады.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, жаңа технология жағалау аумағын аз уақыт ішінде толық бақылауға алып, қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
–  Сөйлейтін дрондар қауіпсіздік ережелерін жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл демалушылар көп жиналатын орындарда профилактикалық жұмыс тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді, – делінген мәліметте.
Сондай-ақ дрондармен қатар су айдындары маңында полиция қызметкерлері де тұрақты түрде кезекшілік атқарып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив