ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №18 мекемесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Заслон» жедел алдын алу шарасы барысында мекемеге іргелес аумақта күдікті азамат ұсталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, скотчпен оралған бірнеше түйіншегі бар пакет тәркіленді.
Тексеру барысында түйіншектердің ішінен әртүрлі маркалы ұялы телефондар анықталып, олар заң талаптарына сәйкес тәркіленді. Аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.
– Ұялы телефондар түзеу мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мекемелердің іргелес аумақтарында тұрақты түрде жедел алдын алу шаралары өтіп тұрады. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу бағытында полиция органдарымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Пікірлер